00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Астанадағы Достық үйіне польшалық делегация келді

24.02.2023 | 17:00
Елорда ақпарат
43

Бұл кездесу Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық елшісі Малгожата Оборон Туардың ұйымдастыруымен өткізілді. Кездесудің мақсаты – іскерлік және әлеуметтік байланыстар орнату, академиялық және мәдени ынтымақтастықты нығайту болатын.

«Біздің бүгінгі кездесуіміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтуде. Поляктар қазақстандық қоғамның ажырамас бөлігі болғанын атап өтуге болады. Бүгінде елімізде 40 мыңдай поляк, оның ішінде Нұр-Сұлтанда 3 мыңға жуық поляк тұрады. Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат қазақстандық мемлекеттілікті құруға, Қазақстан халқының бірлігі идеясын нақты іске асыруға бағытталған», – деді жиын барысында Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов.

Кездесу барысында польшалық делегация Достық үйінің, елордалық этномәдени бірлестіктердің қызметімен және мемлекеттік саясаттың іске асырылу барысымен танысты.

Барлық жаңалықтар