00:00
Астана -10oC
USD:
451.38
EUR:
487.22
RUB:
5.14
Іздеу

Адамның ойына келмейтін «академиялар» бар – Төрегелді Шарманов

24.02.2023 | 16:57
Елорда ақпарат
82

«Бізде ғылымның рөлі төмендеп кетті. Академия деген ардақты атаудың әбден қадірін қашырдық. Адамның ойына келмейтін «академиялар» бар. Адам танымайтын «академиктер» бар. Сөйлесе қалсаң өзің ұяласың. Қарапайым ғылыми түсініктердің өзін дәлме-дәл қолдана алмайды. Ешкіммен айтысып-тартысып, ғылыми полемикаға түсіп көрмеген. Өзінің қалай қорғағанын білетін жаңағы доктор ғылыми кеңеске мүше болғаннан кейін енді қорғауға келетіндерге де тиісінше талап қоя алмайды. Қойғысы да келмейді», – дейді Т. Шарманов.

Академиктің айтуынша, қазір ғылымға немқұрайлы қарау басымырақ болып кеткен.

«Кезінде докторлық тұрмақ, кандидаттықты қорғаудың өзі асқар асудан асқандай жеңіс саналатын. Қазір кандидаттық қорғау докторлық қорғаудың алдындағы «разминка» сияқты болып қалды. Баяғы Сәтбаев заманындағы академияны көксеуіміз шын мәнінде кәдімгі мифті, өзіміздің қиялымызда ғана қалған мифті көксеу болып шықты», – деді ол.

Барлық жаңалықтар