Elorda.info

Хакерлер қандай кілтсөз қойылған аккаунттарды көп бұзады

Көбіне хакерлер кілтсөз ретінде суперқаһарман есімі қолданылған аккаунттарды бұзады. Бұл туралы Mozilla компаниясының сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Elorda.info.

 

Хакерлер қандай кілтсөз қойылған аккаунттарды көп бұзады

Киберқылмыскерлердің “құрбанына” айналған аккаунттардың паролін жинаумен айналысатын haveibeenpwned.com сайтындағы деректерге сүйене отырып, Mozilla сарапшылары Супермен есімі бар 370 мың парольді, Бэтмен есімі бар 220 мың аккаунтты, сондай-ақ Өрмекші адам есімі бар 160 мың парольді анықтады.

Онымен қоса суперқаһармандардың өзін емес, олардың есімін еске түсіретін мың шақты аккаунт бар. Бұл тізімнен Джеймс Хоулетт, Кларк Кент, Брюс Уэйн және Питер Паркер деген есімдерді табуға болады. 

“Пароль сіздің үйіңіздің кілті тәрізді. Онлайн әлемде біздің пароліміз жеке деректеріміз бар үйдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондықтан оның сенімді болғаны жақсы”, – дейді Mozilla компаниясының өкілдері.

 

 

 

 

 

Как Россия пережила кризис 2008

Бөлісу!

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Әртүрлі