00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

iPhone 13 смартфондарының нақты құны қанша

24.02.2023 | 15:31
Елорда ақпарат
31

Компания мамандары телефонды ашып, ішіндегі детальдарын талдаған. Инженерлердің айтуынша, iPhone 13 Pro смартфоны LPDDR4X форматындағы 6 гигабайттық жедел жадқа ие. Сондай-ақ Pro-нұсқаның қарапайым iPhone 13 смартфонынан тағы бір өзгешелігі, ол 5 ядролы графикалық процессормен жабдықталған. Арзанырақ девайстардың графикалық чипінде 4 ядро бар.

Деректерге сүйенсек, жаңа смартфонның барлық компонентінің нақты құны 570 доллар тұрады. Қазіргі таңда бөлшек саудада 13 Pro құны 999 АҚШ долларынан басталады. Бұл 2020 жылы шыққан iPhone 12 Pro смартфонынан сәл қымбаттау. Сарапшылар мұның себебін корпус, экран, жад модульдері және қымбатырақ процессорды енгізумен байланыстырады.

Apple өзінің девайстарын өндірерде өздерінің микросхемаларын қолданады. Ал қалған компоненттер Qualcomm, KIOXIA, NXP, STMicroelectronics, USI, Qorvo және Broadcom компанияларынан алынады. 

 

 

Барлық жаңалықтар