00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жасанды зерде Бетховеннің аяқталмаған симфониясын жазып бітірді

24.02.2023 | 15:30
Елорда ақпарат
45

Композитордың түсініксіз жазуынан әлгі симфонияны аяқтау қатты қиындық туғызған. Бұл іске кіріскен жасанды зерде әуелі автордың басқа дайын шығармаларын, сондай-ақ симфонияның қолда бар үзінділерін «тыңдаған», музыканың ырғағы мен қарқынын талдаған, осының негізінде Бетховеннің аяқталмаған шығармасына өз интерпретациясын ұсынған.

Аталмыш жобаны тарихшылар, музыканттар және IT мамандары немістің Deutsche Telekom компаниясының жетекшілігімен ұйымдастырды.

Айта кетейік, Людвиг Ван Бетховен өзінің атақты тоғызыншы симфониясын жазып бітіре салысымен, оныншыға кіріскен. Алайда оны аяқтап үлгермеген. Шығарманың кейбір бөліктері дәптер беттеріндегі үзінділер ретінде сақталған.

Барлық жаңалықтар