00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтан мен Алматыда адам саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

24.02.2023 | 15:29
Елорда ақпарат
27

Криминалдық полиция қызметкерлері осылайша Өзбекстан және Қазақстан азаматтарынан тұратын қылмыстық топтың жолын кесті. Сегіз адамнан тұратын қылмыстық топ “OLX”, “SATU” интернет желілерінде, “Telegram” әлеуметтік желісінде ақы көп төленетін жұмыстың жалған жарнамасын беріп, қыздарды шақырған. Сөйтіп оларды притондарға жезөкшелікпен айналысуға алдап әкелген.

Притондар коттедждерде ұйымдастырылған және демалыссыз тәулік бойы жұмыс істеген. Күнделікті кіріс топ ұйымдастырушысына аударылып отырған және айына 10-12 миллион теңгені құраған.

Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 262-бабы 1-бөлігі бойынша (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. Лас бизнесті ұйымдастырушылар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге салсақ, жыл басынан бері ішкі істер органдары адам саудасына байланысты 136 қылмыстық істі тіркеді, оның ішінде 7-еуі адам саудасы болса, 16-сы – кәмелетке толмағандарды саудалау.

Барлық жаңалықтар