00:00
Астана -10oC
USD:
443.37
EUR:
474.49
RUB:
4.83
Іздеу

Алматыдағы бөгет құрылысы аяқталмаған Ақсай өзені тасыса 5 ауылды су алуы мүмкін

15.04.2024 | 14:23
48
бөгет
фото: дереккөзден

Алматыда мамандар құрылысы аяқсыз қалған Ақсай бөгетін бақылауда ұстап отыр. «Қазселденқорғау» мекемесі дәл қазір төніп тұрған қауіп жоқ дейді. Өйткені өзен бастауындағы мұздықтар тек мамыр айында ери бастайды екен. Бұл туралы Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Ұзындығы 26 шақырымға созылған Ақсай өзені, негізі сел қаупі өте жоғары өзендердің қатарына жатады. Себебі жоғарғы жағында 25 мұздық пен 20 көл бар.

Қыс-көктемде уақытта бір қалыпты тұрғанымен, күн жылынған кезде сел жүруі мүмкін - дейді мамандар.

 Ал өзеннің төменгі жағында біраз демалыс орны мен төрт-бес ауыл бар. Сол мұздықтар еріген кезде суын сүзгіден өткізіп, тастарды ұстап қалу үшін осыдан төрт жыл бұрын бөгеттің құрылысы басталған. Құжат бойынша биыл толық аяқталуы керек. Бірақ былтырдан бері құрылысы тоқтап тұр. Мердігер компания жұмысты жартылай жасап, 800 миллион теңге алғанын күні кеше Қаржы мониторингі агенттігі мәлімдеді. Бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал бөгет құрылысын қашан аяқтайтыны әзірге белгісіз.

Сел 30 мың адамға қауіп төндіруі мүмкін.Сел қаупі мамыр айынан қыркүйек айына дейін жалғасады. Көлдердің деңгейін төмен қарай түсіреміз. Ол сыртына тасып кетпеуі керек. Қауіпсіз деңгейде жұмыс істеп тұруы қажет. Су шығыны жазда 5 текше метрге дейін көтеріледі. Ол ешқандай да қауіп төндірмейді. Жылда кетіп жатқан су,- деді «Қазселденқорғау» ММ Алматы филиалының басшысы Самат Дәуленқанов.

Барлық жаңалықтар