00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Теннисші Дмитрий Попко Бразилиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

11.03.2024 | 06:38
43
Фото: дереккөз

Д.Попко бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге финалда доданың 2-ракеткалары, корт иелері Луис Бритто – Пауло Андре Сарайва Дос Сантоспен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қазақстандық-бразилиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен басым түсіп, титулға қол жеткізді.

Дмитрий Попко жекелей сында аргентиналық Хуан Пабло Фиковичпен чемпиондық атақты сарапқа салды. 

Бірінші партияда аргентиналық спортшының мерейі үстем болды – 6:4. Есесіне екіншісінде Попко тай-брейкте қарымта қайырды – 7:6 (7:4). Бірақ шешуші, үшінші сетте шамасы жетпеді – 3:6.  Осылайша Дмитрий Попконың 23 матчқа созылған жеңіс сериясы аяқталды.

Барлық жаңалықтар