00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Наргиза Болатова: Әлем чемпионы атанамын деп ойламадым

05.02.2024 | 14:39
55

- Өзіңіз жайлы айтсаңыз? 

2003 жылы Қарағанды облысы, Теміртау қаласында дүниеге келгенмін. Дәл қазіргі сәтте Қазтұтыну одағы Қарағанды университетінде спорттық менеджмент мамандығы бойынша тәлім алып жатырмын. 

- Әртістік жүзу спортына қалай келдіңіз? 

Алғаш 6 жасымда суға жүзумен айналысуды бастадым. 1,5 жыл жаттығудан соң, әртістік жүзу секциясы ашылды. Анамның ұсынысымен осы бағытқа бет бұрдым. Оның үстіне физикалық дене бітімім де осы спортқа үйлесті. Міне, содан бері 10 жылдан астам уақыт бойы тұрақты жаттығып, түрлі жарыстарда бақ сынап жүрмін. 

- Кей жанкүйерлер сізді әлем чемпионы атанған соң ғана танып жатыр. Бұған дейін қандай жетістіктерге жетіп едіңіз? 

Былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында командалық бәсекеде өнер көрсетіп, 3-орынға тұрақтадық. Ал дуэттік бағдарламаға келсек, бұл Эдуард Киммен бірге қатысқан екінші әлем чемпионатымыз. Былтыр Жапониядағы бәсекеде 204.0967 ұпаймен 7-орынға табан тіредік. 2023 жылы Египетте өткен әлем кубогында күміс, Испаниядағы әлем кубогында қола жүлдегер атандық. 

b0aef54d-1ecb-4674-8d04-5010cd0593c1.jpg

БҰҒАН ДЕЙІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ОСЫ БАҒДАРЛАМАДАҒЫ КӨРСЕТКІШІМІЗ: 

2019 жыл. 9-орын. Олжас Маханбетияров, Айгерім Исаева; 

2022 жыл. 7-орын. Эдуард Ким, Жаклин Якимова; 

2023 жыл. 7-орын. 204.0967 ұпай Эдуард Ким, Наргиза Болатова; 

2024 жыл. 1-орын. 228.0050 ұпай Эдуард Ким, Наргиза Болатова. 

- Әлем чемпионы болатындығыңызға сендіңіз бе?   

Біздің бағдарламамыз әлем чемпионатына 2015 жылы ғана енді. 9 жыл аралығында қатысушы елдердің үлесі артып, шеберліктері жоғарылап келеді. Әлем чемпионы атанамын деп ойламадым. Себебі, біздің қарсыластарымыз әлем чемпионы – Италия, әлем чемпионатының 2 мәрте қола жүлдегері – Қытай, былтырғы күміс жүлдегер – Испания, сондай-ақ, Мексика, Колумбия сынды мықты елдер болды. 

Дегенмен осы жетістікке жету үшін аянып қалмадық. Өзім өз саламда мүмкіндігінше жоғары жетістікке жетуге тырысамын. Сол табиғи болмысымның да көмегі бар. 

- Алдағы жоспарларыңыз? 

Кезекті әлем кубогының кезеңіне дайындықты жалғастырамыз. Болашақта 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына көркем жүзуден аралас дуэт түрі кіреді деп сенемін.

Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Қанат БАЙҰЗАҚОВ

Барлық жаңалықтар