00:00
Астана -10oC
USD:
447.25
EUR:
485.18
RUB:
4.96
Поиск

Мемлекет басшысы Мәртөк ауданындағы cпорт кешеніне барды

06.12.2023 | 08:42
64
Фото: akorda.kz

Президенттің Ақтөбе облысына жұмыс сапары Мәртөк ауданы Саржансай ауылындағы спорт кешенінің жұмысымен танысудан басталды, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл нысанның жалпы аумағы 1 048 шаршы метрді құрайды. Мұнда спорттың бірнеше түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев еркін күрес залы мен шағын футбол алаңын аралап көрді.

Президент спорт кешенінде жас спортшылармен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев спортпен шұғылданудың маңыздылығына назар аударды. Спорт адамның көзқарасын түзейді. Әсіресе жастарға күш-жігер береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы футболға қолдау көрсетілетініне тоқталып, аталған спорт түрінің болашағына сеніммен қарайтынын жеткізді. 

Все новости