00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері атанды

30.05.2024 | 15:15
Олжас Сүлейменов
106
Екатерина Шабалина Париж Олимпиадасы лицензиясының иегері атанды
Фото: дереккөз

Бүгін триатлоннан Ұлттық құрама қоржынына Париж Олимпиадасының жолдамасы түсті. Халықаралық федерация Азия құрлығында қалған жалғыз квотаға Екатерина Шабалинаның ие болғанын растады, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстандық атлет бұл мүмкіндікке New Flag санатында қол жеткізді. Мұнда әлем рейтингінде 180-орынға дейін кіретін спортшылардың жинаған ұпайлары бөлек есептеліп, түзіледі. Екатерина Гонконг өкілі Бэйли Браунды артта қалдырды.

Ерлер арасында осы санатта Аян Бейсенбаевта мүмкіндік болған. Алайда ол шешуші рейтингте Гонконг спортшысы Лонгтан 31,84 ұпай қалып кетті.

Айта кетейік, қазір Қазақстан делегациясында 52 спортшы қол жеткізген 55 жолдама бар.

Все новости