00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Депутат тоғызқұмалақ ойынының тарихи атауын қайтаруды ұсынды

29.05.2024 | 15:26
Олжас Сүлейменов
126
Депутат тоғызқұмалақ ойынының тарихи атауын қайтаруды ұсынды
Фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Гүлдара Нұрымова Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға тоғызқұмалақ ойынына қатысты депутаттық сауал жолдады, деп хабарлады Elorda.info.

«Мемлекет басшысы биыл елімізде өтетін ауқымды шараның бірі V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жоғары деңгейде сапалы өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай, аталмыш ойынды өткізу қарсаңында аса маңызды бір мәселенің басын ашуды жөн санаймыз. Ол – «Тоғызқұмалақ» спортының атауы. Ғалымдардың, этнографтардың және зерттеушілердің пікірі бойынша, XIX ғасырда бұл ойынның жаплытүркілік атауы «Тоғызат» деп аталған. «Тоғызқұмалақтың» атауы әуелден «Тоғызат» екенін білдіретін ойын тақтасындағы қазақша, қырғызша, қарақалпақша, ноғайша атаулары да көрсетіледі. Осыған байланысты, алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойынына дейін жалпытүркілік бұл зияткерлік спорттың атауын ортақ нұсқамен тарихи «Тоғызат» атауын қалпына келтіру шараларын қолға алу қажет», – деді депутат.

Все новости