00:00
Астана -10oC
USD:
442.05
EUR:
474.14
RUB:
4.74
Іздеу

Астаналық спортшылар көркем гимнастикадан 7 алтын медаль жеңіп алды

20.02.2024 | 10:19
40
Фото: дереккөз

Айтулы турнирдің командалық сайысында (жекелеген бағдарлама) астаналық «Созвездие» командасы алтын медальға ие болды. Команда құрамында Еркежан Сағат, Адия Амантаева, Радыш Екатерина, Іңкәр Сатемирова, Аяулым Жәнібек, Аяулым Сұлтанбаева өнер көрсетті.

Жекелей сында өнер көрсеткен елордалық бұрымды гимнасшылар үздіктер қатарынан көрінді. Атап айтқанда, Айбота Ертайқызы доппен, лентамен және ұршықпен өнер көрсетуде дес бермей, 3 жаттығуда алтыннан алқа тақса, Эрика Жайлауова шығыршық жаттығуында чемпион атанды. Ал Ақмарал Ерекешова 4 бірдей жаттығу бойынша жүлдеге ілікті. Ол жекелей сында доппен және таспамен алтын медаль еншілесе, шығыршық пен ұршық жаттығуында күміс жүлдегер атанды.

Көпсайыста жерлестеріміз Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешова күміс, Эрика Жайлауова мен Дария Көшербаева қола жүлдегер атанды.

Осылайша Астана қаласының бұрымды гимнасшылары байрақты бәсекеде ел қоржынына 7 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль салды.

Барлық жаңалықтар