00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Жолдаудың орындалуы билік назарында

27.09.2023 | 08:30
67
Фото: akorda.kz

Елде 2019 жылға дейін, жылдағы мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы жарияланса болды, әр аймақта, университет тұрмақ, мектеп-бала-бақшаға дейін барлық депутаттық корпус, мемлекет қайраткерлері, биліктік партия, айлап таңнан кешке дейін насихаттық жұмыспен айналысып кететін.

Бұл әбден орталықтандырылған биліктік жүйенің авторитарлық сипаты болатын. Ең қызығы, сол Жолдауда не айтылмады?!

Мәселен, 2003-2004 жылдары Орталық Азия одағын құрамыз деуден бастап, Сингапур мен Малайзияның салған сара жолымен дамимыз деген популизмге толы ұсыныстар елді әбден адастырып, қоғамды эксперементальды ортаға түсірді. Үш тұғырлы тіл бірінші сыныптан енгізіліп рухани буыны қатпаған баланы дүбәра еткен, дипломмен ауылға жобасымен қияға сандалтып сағымдай орындалмай кеткен негізсіз уәделер боды. Барлығы осындай Жолдаудан басталған еді. Түптің-түбінде, сол Жолдаулардың орындалу есебі де, нәтижесі де құмға сіңген судай болғанын бәріміз білеміз.   

Жақында Президент әкімшілігі аранйы жиын өткізді. Жиынның бағытына қарағанда кешегі жүйенің қателіктерін қайталамас үшін, былтырдан бері Президенттің халыққа Жолдауларының орындалу бағыт-бағдарын саралап, нақты Үкіметке қойылған талаптарын ортаға салуды әдетке айналдырған сыңайлы. Жауапты Үкіметке жауапкершілік салмағын негіздеп берген секілді. Оның ішінде Жолдауда басымдық берілген кәсіпкерлік пен халықтың әл-ауқатында айтарлықтай тапсырмалардың қоғамда сезілуіне аса қатты назар берілді. Әлбетте, бұнда Президент Жолдауындағы 100 жуық ұсыныстардың өндіріс пен әлеуметтік ортада қалай, қаншалықты қолға алынғаны туралы сараптау жүргізізіліп отыр. 

Жолдауда көбіне халық мән бере бермейтін экономикалық маңызды секторлар қарастырылғанын байқау қиын емес. Мысалы, Президент тау-кен өндірісін әрі-қарай күшейту мақсатында, жаңа кен орындарын геологиялық зерттеуді тапсырды. Халықтың байлығы болып саналатын түсті металлды игергенде, орынды келісімшарттардың қалыптасуы, инвесторларды тартуда қолайлы әрі екі жаққа да тиімді жағдайларды жасақталуы жайлы айтқан. Олардың орындалуы үшін мерзімдік шегі белгіленіп, ол алдағы 2026 жылға дейін деп нақтыланды.

Сонымен қатар, бүгінгі аумалы-төкпелі геосаяси ахуал орын алып тұрған кезде, отандық қорғаныстық-өндіріс кешенін қуаттандыру мәселесі де ерекше айтылды. Әсіресе, алғашқы кезекте  заманауи қорғаныс әлеуетін нығайтуды шет елдік өнімдермен күшейту. Екіншіден, ішкі тапсырысты отандық қорғаныс өндірісіне бағыттау жүйесін орнату басымдығын атап өтті. 

Халықтық қажеттілікпен бірге, сыртқы экспорттық мүмкіндіктерге жетелейтін көңіл аударарлық ұсыныстың бірі, бұл жергілікті аграрлық өндірістің потенциалын Еуразиялық нарықтық кеңістігіне дейін шығаруды қалыптастыру. Президент ет-құс фабрикаларды, сүт өнімдерін өндіретін зауыттарды, бидай класстерінің өндірісін, көкөністік дамыту мен сақтау жүйелерін күшейтуде трансұлттық компаниялардың қатысу үлесін жетілдіруді айтып кетті. Бұл жерде  инвесторлық қолдаудың тетіктерінің ашықтығын нығайту сияқты бағдарларын көрсетіп, бұл экономикалық ілгерілеу мүмкіндіктерін арттыратынын қадап жеткізді. 

 Мәселе сол айтылған дүниенің іс-жүзінде жергілікті аймақтар мен тиісті ведомстволардың тапсырмаларды бір кісідей орындалуы.  

 Президент Әкімшілігінің жетекшісі Олжас Бектенов аталған жиында, тура осы бағытта Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында аталған бағыттардың шашауын шығармай, орынды жүзеге асыру  қажеттігін негізге алды. Бастысы Жолдаудың нәтижелерін еліміздің азаматтары мен бизнесі жуық арада сезінерліктей болуы, биліктің күн тәртібінен түспейтіндігі анықталды. 

Сөзсіз, егер Жолдаудың уәделері орындалып жатса, халықтың билікке деген сенімділігі арта береді. Соңғы үдерістерден байқағанымыздай  естуші және әділ билік осы мәселеде бел буынып, білек сыбанып жауапкершілікті тереңірек сезінген сияқты. Лайым солай болғай.

Мақсат ЖАҚАУ

Барлық жаңалықтар