Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуды тапсырды
![](/img/watch-gray.png)
![Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамытуды тапсырды](/img/articles/8c3e865f8a7465d8aa15e7cd25e18112.jpg)
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалды. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан. Реинжиниринг міндеттемесі заң жүзінде бекітіліп, 600-ден астам бизнес-процесс қайта қаралған. Сондай-ақ GovTech платформалық тәсілі арқылы цифрлық трансформациялау үдерісі басталған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ AI-driven government экожүйесін қалыптастыру жолдары жөнінде мәлімет берілді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысына отандық IT-компаниялардың экспорт нарықтарына шығу перспективасы туралы баяндалды.
Кездесу соңында Президент мемлекеттік басқару ісін сапалы түрде цифрландыру, халықаралық IT-алпауыттармен ынтымақтастықты жандандыру және экономиканың түрлі секторында жасанды интеллектіні одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.
![Израиль премьері Джо Байденмен кездесті](/img/articles/6ac9e57035303a2f9b831e08bc0cd246.jpeg)
![Камала Харрис Трамппен пікірталасқа дайын екенін мәлімдеді](/img/articles/ed422b3dc23d41335da294594bda7603.jpg)
![Олжас Бектенов РФ Түмен облысының губернаторымен кездесті](/img/articles/4cd35f3a55d0d0f8acf18b5536c8a26f.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімді еңбек демалысына шықты](/img/articles/51c16f5ee230266efeaaab03bb1032a0.jpeg)
![Мемлекет басшысы Иран Президентімен телефон арқылы сөйлесті](/img/articles/6a284341e09e91e8fc763057a44a3ba2.jpg)
![Алакөл жағасында жоғалып кеткен екі бала табылды](/img/articles/827d8905972725abb2c7eeb64c8f92eb.webp)
![Жыл соңына дейін 9 мемлекеттік органның деректер базасына бағалау жүргізіледі](/img/articles/17e1c0387940afc2ccd86240246a3def.png)
![Президент жаңа заң жобасына қол қойды](/img/articles/0cd56d5d3a5ff0da57a889b27d2b412a.jpeg)
![Мемлекет басшысы БАӘ-нің Қазақстандағы елшісін қабылдады](/img/articles/668ee44021f1d47ad61251256efb29f3.png)
![Президент жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды](/img/articles/0589c43ec2015daf7ad788f5fc946c33.jpeg)
![Қазақстан Тәуелсіздігіне алғашқы қадам](/img/articles/uploads/618e4f449f207395942992_251ba64e83.jpg)
![Ертісбаев Қазақстан халық партиясының құрамына кірді](/img/articles/uploads/62355d6f2fb05524869441_75a8d1743b.jpg)
![Президент ACWA Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Абунайянды қабылдады](/img/articles/uploads/9_1dbc62624e.jpg)
![Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды](/img/articles/3096b2c06e11367cbe952c46227b36ba.webp)
![Тәуелсіздік күнінің мәні де, мағынасы да әрбір қазақстандық үшін қастерлі - Зулфухар Ғайыпов](/img/articles/uploads/Whats_App_Image_2023_12_14_at_10_16_54_f914179732.jpeg)
![Тоқаев Қытай компаниясына аймақтық R&D орталығын ашуды ұсынды](/img/articles/97d327dc1bab454b86e352d662e2f093.jpeg)
![Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі тағайындалды](/img/articles/4f9c508d3134bffa9c829d17734f4227.jpg)
![Президент бәсекеге қабілетті болудың жолын көрсетті – депутат](/img/articles/290b71128ae6059b2a4e9bb3ee4b1351.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентімен келіссөз жүргізді](/img/articles/uploads/photo_5280924730569905291_y_e86567d523.jpg)
![Қасым-Жомарт Тоқаев словен халқын Ұлттық күнімен құттықтады](/img/articles/d129bb9022b0fc439f114e21ade25d54.jpg)