00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Светлана Жақыпова Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесті

27.02.2024 | 11:55
73
Фото: дереккөз

Тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Светлана Жақыпова алғысөзінде Дүниежүзілік банкке Қазақстанда түрлі жобаларды іске асырып жатқан көпжылдық ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Министр Дүниежүзілік банк өкілдерін Әлеуметтік кодекстің бекітілуі, 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясаты, 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту және 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамаларының іске асырылуы туралы баяндады, сондай-ақ әзірленіп жатқан Инклюзивті саясат тұжырымдамасының жобасы туралы хабарлады. Бұл құжат мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз етуге және мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ олардың қоғамға етене араласуына бағытталған.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Электрондық еңбек биржасын, Отбасының цифрлық картасын, Кәсіпорындардың цифрлық картасын және басқа да инновацияларды қоса алғанда, іске асырылған цифрлық шешімдерді егжей-тегжейлі көрсетті.

Дүниежүзілік банк өкілдері аталған қызметтерді жоғары бағалап, олардың өзге елдермен білім мен тәжірибе алмасу көпірі ретіндегі әлеуетін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар әлеуметтік-еңбек саласын дамытудағы ынтымақтастықты нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерді қарастыруға дайын екенін жеткізді.

Барлық жаңалықтар