00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Мәулен Әшімбаев Моңғолияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

05.03.2024 | 12:35
71
Фото: дереккөз

Сұхбат барысында тараптар парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және екі ел арасындағы серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазақстан мен Моңғолия байланысының маңызды бағыттарының бірі – парламентаралық диалог. Біз алдағы уақытта Моңғолия Мемлекеттік Ұлы Хуралымен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Қазақстан Парламентінің Сенатында Моңғолия Парламентімен ынтымақтастық жөніндегі топ құрылды. Мемлекеттік Ұлы Хуралда да «Моңғолия-Қазақстан» деп аталатын парламенттік достық тобы жұмыс істейді. Алдағы уақытта осы бағыттағы белсенді байланыс Парламенттер арасындағы қарым-қатынасты арттыруға мүмкіндік береді және заң шығару қызметінде тәжірибе алмасуға жол ашады, – деді Мәулен Әшімбаев.

Сонымен қатар Сенат төрағасы екі ел арасында түрлі саладағы байланыстар тиімді дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастық мәселелері де талқыланды.

Өз кезегінде елші біздің елде жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси жаңғыртуларды жоғары бағалап, Қазақстан мен Моңғолия арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.

Барлық жаңалықтар