00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлыбритания виза бағасын өсіреді

21.09.2023 | 12:30
77
Фото: ашық дереккөз

Ұлыбритания келесі айдан бастап визаның барлық түрінің бағасын 15%-ға қымбаттатуды жоспарлап отыр, деп хабарлады Elorda.info  GOV.UK сайтына сілтеме жасап. 

Бұл жаңалық әлемнің түкпір-түкпірінің студенттері мен туристеріне қатысты. Оның ішінде Ұлыбританияға кіру және елде болу үшін берілетін виза да бар.

Жаңа заң бойынша, мәселен, алты айдан аспайтын қонақ визасы 15 фунт стерингке қымбаттап, құны 115 фунт стерлинг (шамамен 67 мың теңге) болады. Сонымен қатар, 2, 5 және 10 жылдық қонақ визаларының да бағасы өседі.

Ұлыбританиядан тыс жерде студент визасын алуға өтініш беру де айтарлықтай қымбаттайды. Елде оқитындар 490 фунт стерлинг (288 мың теңге) төлеуі керек.

Бұл – ел ішінде виза алу үшін берілетін өтініш бағасымен бірдей болады.

Айта кетейік, шілдеде Ұлыбритания премьер-министрі мемлекеттік сектордағы жалақыны көтеру үшін виза бағасы қымбаттайтынын айтқан болатын.

Барлық жаңалықтар