00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ұлттық құрылтайда әдебиет пен киноны дамыту мәселесі талқыланды

16.06.2023 | 15:30
49
Фото: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен

Ұлттық құрылтай мүшелері азаматтық қоғамды дамыту және этносаралық бірлікті нығайту, қоғамдық бірлестіктердің қызметін заңнамалық реттеу, ұлттық идеологиялық күн тәртібін қалыптастыру ерекшеліктері, өңірлердегі қоғамдық кеңестердің рөлі мәселелерін талқылады, деп хабарлады Elorda.info.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, жеке талқылау блогы халық арасында құқықтық сауаттылықты арттыру тақырыбына арналды. 

Сонымен қатар, мұражайлар, мәдени орталықтар, кітапханалар, әсіресе ауылдық жерлерде жұмыс істеу, жас таланттарды ілгерілету және креативті индустрияны дамытуды қолдау тақырыптары көтерілді.

Сондай-ақ, жас ұрпақты тәрбиелеу және білімге ұмтылу, салауатты өмір салты, еңбекқорлық, патриотизм құндылықтарын қалыптастыру тақырыбына ерекше назар аударылды.

Сарапшылар нотариустарды, адвокаттарды, полиция қызметкерлерін, прокуратура мен сот орындаушыларын тарта отырып, азаматтар үшін қоғамдық консультациялар ұйымдастыру тәжірибесін жаңартуды ұсынды.

Жеке талқылау блогына Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары – Ұлттық құрылтай хатшысы Аида Балаева модератор болды.

Барлық жаңалықтар