00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ерлан Қарин: Азаматтардың көзқарасы мен моральдық ұстанымы да өзгеруі керек

15.11.2023 | 09:30
56
Фото: ашық дереккөз

Мемлекеттік кеңесші  Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында бүгінгі Мемлекет басшысының  құқық қорғау органдарының басшыларымен өткізген жиынынан кейін арнайы жазба жариялады, деп хабарлады Elorda.info

Оның пікірінше заңдылық пен тәртіп қағидатын орнықтыру ісі вандализм, балаларға қарсы қылмыс, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты жағымсыз құбылыстармен күрестен басталады. 

Мұндай құқықбұзушылықтарға қойылатын алғашқы және өте маңызды тосқауыл ─ азаматтардың оларға бей-жай қарамауы. Сондықтан елімізде жүгенсіздіктің,  озбырлықтың және қылмыстың кез келген түріне мүлдем төзбеушілік ұстанымын қалыптастырудың мән-маңызы зор. Қоғамда белсенді азаматтық көзқарас үстемдік құрып, ізгілік, тілектестік, өзара көмек сияқты басты құндылықтар дәріптелуге тиіс, деді Е.Қарин. 

Сонымен қатар ол бұл мәселені Президент үнемі көтеріп келе жатқандығын айтып өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалардың қауіпсіздігі мен олардың құқығын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері туралы үнемі айтады. Оның сөйлеген сөздерінен дәйектілік және мызғымас ұстаным байқалады. Президент жүгенсіздіктің кез келген түріне, вандализм мен зорлық-зомбылыққа қатаң тосқауыл қою керек, әсіресе, әйелдер мен балаларға қарсы қылмыс үшін жазаны күшейту қажет деп есептейді,- деді Мемлекеттік кеңесші. 

 Оның пікірінше бұл күрделі мәселені тек заңды қатаңдату арқылығ ана шешу мүмкін емес. 

Бұл мәселені тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы шешу мүмкін емес. Сонымен бірге азаматтардың көзқарасы, моральдық ұстанымы да өзгеруі керек. Осындай әрекеттерге көз жұмып қарайтын болсақ, онда мемлекет қабылдап жатқан шаралардан еш нәтиже шықпайды. 

Яғни, деструктивті мінез-құлықтың кез келген түріне қарсы күрес кешенді іс-қимылды талап етеді. Қоғамда қылмысқа мүлдем төзбеушілік қағидаты, ал мемлекеттік деңгейде заң мен тәртіп қатаң сақталу қағидаты дәріптелуі керек. Сондықтан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар жүгенсіздік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұрудың тиімділігін арттыру үшін күш жұмылдырып, ортақ амал-тәсіл әзірлеуі қажет, - деп жазды Ерлан Қарин.

Барлық жаңалықтар