00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қазақстандық әскерилер Пәкістандағы халықаралық жарысқа қатысты

27.02.2024 | 03:41
65
Фото: дереккөз

Пәкістан астанасы Исламабадтың жанындағы ежелгі Равалпинди қаласында әскерлер сайысы өтуде. Аталмыш жарыста Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің әскери бөлімдері атынан 12 әскери қызметші бағын сынауда. 

Әскери-спорттық турнирдің кезеңдеріне «Қарсыластың нысанын анықтау», «Тосқауылдағы іс-қимыл», «Артиллерия атысын реттеу», «Жедел медициналық көмек көрсету және жаралыларды тасымалдау», «Учаскені минадан тазарту» және «Түнде су бөгеттерін еңсеру» кіреді. 

Қарсыластар Калашников автоматынан ату дағдыларын да көрсетеді. Одан басқа маршруттың жылдам өту мүмкіндігі мен тапсырмаларды пысықтау сапасы, яғни нәтижесі ескеріледі. 

dc11d4eb902fc0ce3b83a7aec8c00387_1280x720.jpg

«Пәкістан армиясының командалық рухы-2024» халықаралық жарыстары 2016 жылдан бастап тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бұл жолы жарысқа Бахрейн, Йордания, Ирак, Қазақстан, Катар, Сауд Арабиясы Корольдігі, Мальдив, Марокко, Пәкістан, АҚШ, Тайланд, Түркия, Өзбекстан және Шри-Ланка әскери қызметшілері қатысуда.

Барлық жаңалықтар