00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада Сирия мәселесі талқыланды

25.01.2024 | 14:00
58
Фото: дереккөз

Елордада Сирия бойынша Астана процесінің 21-ші Халықаралық кездесуі өтті, деп хабарлады Elorda.info Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Пленарлық отырысты Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев ашып, Иран, Ресей және Түркия өкілдерінің кездесу қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдемесін оқып берді. 

Екі күндік келіссөздер барысында тараптар Сирия төңірегіндегі аймақтық жағдайдың дамуын, Сирия Араб Республикасындағы жан-жақты реттеу жөніндегі күш-жігерді, Сириядағы гуманитарлық жағдайды және Сириядағы қақтығыстарды қалпына келтіру мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мәселелерін талқылады,- деп жазды еліміздің сыртқы саясатына жауапты ведомство. 

Пленарлық отырыс соңында кепілгер елдер, Сирия үкіметі мен сириялық оппозиция делегацияларының басшылары қазақстандық және шетелдік БАҚ өкілдері үшін баспасөз конференциясын өткізді.

Барлық жаңалықтар