00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Астанада Сирия бойынша кезекті кездесу өтеді

16.06.2023 | 22:30
41
Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі

20-21 маусымда елордада Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 20-шы халықаралық кездесу өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, келіссөздерге кепілгер елдер – Ресей, Түркия және Иран делегациялары, сондай-ақ Сирия Үкіметі мен қарулы оппозицияның өкілдері қатысады. Байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Келіссөздердің күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалдың өзгеруі мен Сирия еліндегі жағдайы, САР-дағы кешенді реттеу бойынша күш-жігер, терроризмге қарсы күрес мәселелері, сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу және Сириядағы гуманитарлық жағдай, жанжалдан кейін САР-ды қайта қалпына келтіруге жәрдем көрсету мен сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру мәселелері кіреді.

Бірінші күні Сирия-Түркия қатынастарын қалпына келтіру бойынша «Жол картасы» жобасын дайындау барысын талқылау мақсатында Иран, Ресей, Сирия және Түркия сыртқы істер министрлері орынбасарларының консультациялары, сондай-ақ Астана процесіне қатысушылардың екіжақты және үшжақты консультациялары өтеді.

Екінші күні консультациялар жалғасады, жалпы отырыс және баспасөз конференциясы жоспарлануда.

Сонымен қатар келіссөздер шеңберінде кепілгер елдердің, БҰҰ және Халықаралық Қызыл Крест комитеті өкілдерінің қатысуымен ұсталғандар/кепілге ұсталып отырған тұлғаларды босату, қаза тапқандардың мәйітін беру және із-түссіз жоғалғандарды іздеу бойынша Жұмыс тобының кезекті отырысы күтілуде.

Барлық жаңалықтар