00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елімізде мемлекеттік органдар қандай параметрлер бойынша бағаланады

31.03.2023 | 22:29
Елорда ақпарат
37

Бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі 2022 жылдың II жартыжылдығында орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу қорытындылары туралы баяндама жасады, деп хабарлады Elorda.info

Мемлекеттік органдардың өткен жылғы халықпен кездесулеріне есеп берген министр олардың қандай параметрлер бойынша бағаланатынын атап өтті.

Халықпен кездесу индикаторлары 4 параметр бойынша бағаланады: Біріншісі, кездесулердің жылдық кестесін, күнтізбесін сайттар мен әлеуметтік желілерде жариялау және олардың орындалысын сақтау. Екіншісі, проблемалық мәселелерді шешу жолдарын айқындау және жариялау. Үшіншісі, жеке азаматтарды қабылдау мәселесі. Әрбір кездесуде көтерілген мәселелер, оның шешу жолдары және қанша азаматты қамтығаны маңызды. Төртіншісі, коммерциялық емес ұйымдармен кездесу. Бұл жердегі бағалау ұйымдардың саны, шешілген мәселелер бойынша анықталады. Бұл талаптарға Қорғаныс және Сыртқы істер министрлігі кірмейді. Олардың бағалары орташа есеппен қойылады, – деді ведомство басшысы.

Барлық жаңалықтар