00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қаңтардағы төңкеріс әрекеті бір жыл бойы дайындалған – Берік Асылов

31.03.2023 | 21:39
Елорда ақпарат
48

Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде мемлекеттік төңкеріс әрекеті болғанын растады, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет төңкерісі бойынша, бұл өте күрделі де оңай емес сұрақ. Мұның бәрін тергеу кезінде әбден зерделедік. Әрине, мемлекет төңкерісін жасауға оқталу болды. Оны тергеу толығымен көрсетті. Қазіргі кезде бүкіл құжаттардың бәрін тексеріп, қарастырып жатырмыз. Төңкеріске оқталу алдын ала дайындалып, жоспарланған. Баяндамамда айтып кеткендей, бір жыл бұрын дайындалу кезеңдері болған.

Атап айтқанда, бұлардың ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың мүшелері де болған. Діни экстремистер де болды, бұрын сотты болған адамдар да, «ДВК» жақтаушылары да болған. Олардың әрекеттерінен, жаңа айтып өткенімдей, 8 қалада 71 ғимарат өртеніп, бұзылған. Ол қылмыстың бәрі ұйымдастырушылардың себепкерлігімен болып отыр, – деді ол.

Барлық жаңалықтар