00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Путиннің баспасөз хатшысы Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемеге орай пікір білдірді

31.03.2023 | 20:31
Елорда ақпарат
61

Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы елдің мемлекеттік телеарнасында көрсетілген бір топ саясаттанушының Қазақстанға қатысты даулы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлады Elorda.info.

Aikyn.kz сайтының жазуынша, Қазақстандық журналист Әділ Балтабаев Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтан Ресейдің «Россия 1» мемлекеттік телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» саяси ток-шоуында айтылған Қазақстанға қатысты мәлімдеме Кремльдің ұстанымымен қаншалықты сәйкес келетінін сұрады. Журналист ресми жауапты өзінің Телеграм арнасында жариялаған.

Оқи отырыңыз: «Украинадан кейінгі мәселе – Қазақстан»: Сенатор даулы пікір айтқандарға жауап берді

...Бұл саясаттанушылардың пікірі  үкіметтің, Кремльдің саяси ұстанымын білдірмейді. Оларды тыңдап, көрудің қажеті жоқ, - деді Песков.

Оның айтуынша, әртүрлі адамдар бар, олардың көзқарасы да әртүрлі. Алайда олардың ресми билікке ешқандай қатысы жоқ.

Айта кетейік, Ресейдің «Россия 1» телеарнасындағы «Владимир Соловьевпен» бағдарламасында сарапшылардың бірі «Ресей үшін Украинадан кейінгі проблема – Қазақстан» екенін айтқан. 

Барлық жаңалықтар