00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Абсолютно түсініксіз»: Мәжіліс депутаты министрді сынап тастады

31.03.2023 | 20:29
Сабина Кәкімжан
63

Мәжілістің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Агломерацияларды дамыту туралы» заң жобасын таныстырды, деп хабарлады Elorda.info тілшісі.

Алайда депутат Еділ Жаңбыршин министрге заң жобасы «түк түсініксіз» деді.

Оқи отырыңыз: Соңғы 10 жылда Астана халқы 59 пайызға өсті – министр

Министрдің жауаптарынан нақты ештеңені естіген жоқпыз. Абсолютно. Түк түсініксіз. Сұрағым мынандай: сіздер агломерацияны жасайтын кезде критерий тек қана 500 мың адам болса ғана дегенді айттыңыз. Біріншіден, қандай критерийлерді пайдаланасыз? Әлемдік тәжірибеде бірнеше критерий бар. Соның қайсысын пайдаланасыздар Қазақстанда? Екінші, осы агломерацияны жасауға қанша қала кіреді? Үшінші, осы агломерация туралы заң қабылдаймыз ғой. Ол бізге қандай экономикалық, әлеуметтік жаңа қалаларда нәтиже береді? - деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.

Барлық жаңалықтар