00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Президент Ұлыбритания Премьер-министрін құттықтады

31.03.2023 | 16:51
Елорда ақпарат
54

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Лиз Трассты Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлыбританиямен берік достық байланыстарға, ортақ құндылықтар мен басымдықтарға негізделген әрі ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стратегиялық серіктестікті жоғары бағалайды. Қазақ-британ көпқырлы қарым-қатынасын одан әрі нығайту және өзекті жаһандық мәселелер бойынша ұстанымдарымызды үйлестіру үшін тығыз ынтымақтастыққа дайын екенімді жеткізгім келеді, – деп жазылған Мемлекет басшысының жеделхатында.

Барлық жаңалықтар