Elorda.info

16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің саммиті өтеді

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдердің саммиті 16 мамыр күні Мәскеуде өтеді, деп хабарлады Elorda.info РИА Новости-ға сілтеме жасап.

16 мамырда Мәскеуде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің саммиті өтеді

Бұл туралы Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлім етті. 

Қатысушылар кездесу өткізіп, іскерлік таңғы ас форматында сөйлеседі. Сөзінше, таңғы асқа Ресей Президенті Владимир Путин де қатысады.

16 мамырда ҰҚШҰ құрылуына 30 жыл толуына орай мүше елдер Мәскеуде саммит өткізеді. Бұл көшбасшылардың кездесуі әрі іскерлік таңғы аста жекелей сөйлесуі ретінде де өтеді. Іс-шара аяқталған соң журналистерге ақпаратты ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась пен Армения Премьер-министрі Николь Пашинян береді, – деді Песков. 

ҰҚШҰ құрамында Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан бар. 

 

АҚПАРАТ АҒЫНЫ

Саясат