00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Нұртөре Жүсіп: Журналист санаты айқындалмағандықтан, әлеуметтік жағдайы төмен

25.02.2023 | 01:21
Елорда ақпарат
51

Пандемия басталғалы бері дәрігерлер қалай жұмыс жасаса, журналистер де солай алдыңғы шепте жұмыс істеп жатыр. Ауырып қаламын-ау деместен бастарын қатерге тігіп, осы дерттің алдын алу, сақтану, қорғану деген мәселелердің бәрінде де біздің әріптестеріміз 24 сағат бойы ақпарат таратты. Дәрігерлердің өзі ауырды, ауырған дәрігерлерге мемлекет тарапынан 2 млн теңгеден жәрдем берілді. Дәрігерлер де осы аурудан қайтыс болды. Қайтыс болған дәрігерлерге 10 млн теңге көлемінде қаражат берілді. Журналистерге қарайық, тура солай жұмыс жасап жатқанда біздің де журналисі бар, жазушысы бар 400-ден астам қалам ұстаған әріптестеріміз осы коронавирус індетінің салдарынан өмірден өтіп кетті. Бірақ журналис­терге дәрігерлерге көрсетілгендей көмек жасалмады, – деді Н. Жүсіп.

Оның сөзінше, журналистердің әлеуметтік жағдайын дұрыстау керек.

Сонымен бірге журналистердің әлеуметтік жағдайы деген мәселе бар. Мәселен, журналистердің баспана алуы. Жақында ғана Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі 29 жасқа дейінгі жастарға арналған тұрғын үй алу бағдарламасын жасады. Енді осы бағдарламаға тіркелуге, қосылуға, содан үмітті болып үй алуға біздің журналист әріптестеріміз қосыла алмайды. Неге десеңіз, Еңбек кодексінде де, мамандықтарды тіркейтін мемлекеттік реестрде де журналист деген атау жоқ. Бізде БАҚ туралы заң бар. Сол заңда журналист ақпарат алушы, өңдеуші, таратушы деген құқықтық міндеттері ғана жазылған. Ал енді әлеуметтік жағдайы қалай? Біз өзіміз жазбайтын тақырыбымыз жоқ, көтермейтін мәселеміз жоқ, біз шахтер туралы да жазамыз, актер туралы да жазамыз. Бірақ журналистің жағдайын кім көтереді? Сол әріптестеріміздің әлеуметтік жағдайын дұрыстауға ниеттеніп, депутаттық сауалымды жолдадым, – деді ол.

Барлық жаңалықтар