00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қаңтар оқиғасынан бизнеске 100 млрд теңгеден астам залал келді – Тоқаев

24.02.2023 | 23:41
Елорда ақпарат
39

Өткен жылы ел экономикасы 4 пайызға өсті. Өңдеу өнеркәсібі 5,5, құрылыс индустриясы 7,6 пайызға артты. Қызмет көрсету саласында оң үрдіс бар. Сауда-саттық 9,2, көлік саласы 3,6 пайызға ұлғайды. Дегенмен, инфляция деңгейі межеден асып кетті. Бұл көрсеткіш 8,4 пайыз болды. Өкінішке қарай, қаңтар оқиғасы қалыпты өмірімізді түбегейлі өзгертті. Заңсыз әрекеттердің салдарынан көптеген азаматымыз зардап шекті. Шағын және орта бизнес өкілдері шығынға ұшырады, – деді Мемлекет басшысы.

Осы ретте, Президент бизнеске 100 млрд теңгеден астам залал келгенін атап өтті.

Жаңа Үкіметтің алдында еліміздің экономикалық әлеуетін толық қалпына келтіру міндеті тұр. Бұл өте маңызды міндет. Сондықтан оны басымдықтардың бірі ретінде санауымыз қажет. Жоспарланған реформаларды жүзеге асыру және инфляцияны төмендету басты міндеттердің бірі. Ең бастысы азаматтарымыздың табысын арттыруымыз қажет, – деді Тоқаев.

Барлық жаңалықтар