00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Тоқаев бизнесмендерді жаңа экономикалық саясатты бірлесіп жасауға шақырды

24.02.2023 | 22:17
Елорда ақпарат
35

Парақты аударып, жаңа Қазақстанның негізіне айналуы тиісті жаңа экономикалық саясат қалыптастыруда бірлескен жұмыс бастау қажет, - деді Мемлекет басшысы еліміздің ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде.

Президент жаңа экономикалық саясаттың негізгі принциптері адал бәсекелестік, қабылданған шешімдердің ашықтығы, мемлекеттік саясаттың болжамдылығы, бизнестің салықтық адалдығы, кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі екендігін баса айтты.

Әлеуметтік-экономикалық реформаларды табысты жүзеге асыруға дәл осы ірі бизнес, біздің буржуазия мүдделі екендігіне түбегейлі сенімдімін. Сондықтан да елдің дәл осы бизнес элитасының жоғалтып алары бар. Бірақ, сонымен қатар өз ісін одан ары кеңейту үшін де жақсы мүмкіндіктер бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Барлық жаңалықтар