00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстан мен САК арасындағы тауар айналымы дағдарысқа дейінгі көлемге оралады

24.02.2023 | 15:02
Елорда ақпарат
45

Мәселен, 2019 жылы тауар айналымы 8,6 млн.АҚШ долл., 2020 жылы-4,2 млн.АҚШ долларын құрады.

2021 жылғы қаңтар-шілдеде өзара сауда 4,0 млн.АҚШ долл.құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,5%-ға жоғары (3,0 млн. АҚШ долл.).

Бұл ретте, Қазақстаннан Сауд Арабиясына экспорт 2021 жылғы қаңтар-шілдеде 2,3 есеге өсіп, 1,6 млн. АҚШ долл. құрады. (2019 жылдың қорытындысы бойынша ол 3,1 млн. АҚШ долл., 2020 жылдың қорытындысы бойынша – 1,4 млн. АҚШ долл. құрады)

Қазақстан САК нарығына ферроқорытпаларды, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін (ерлер, әйелдер және балалар тоқыма және трикотаж киімдері), құбыржолдарға арналған арматураны, қара металдардан жасалған бұйымдарды, геодезиялық және топографиялық аспаптар мен құралдарды және т.б. жеткізеді, Қазақстанға импорт сұйықтықтарды немесе ұнтақтарды шашуға немесе тозаңдатуға арналған механикалық құрылғылардан, жаңа піскен және кептірілген жемістерден (құрма, інжір, ананас, авокадо, гуайява, манго), дәрілік заттардан, этилен полимерлерінен және т.б. тұрады.

Қазіргі уақытта біздің елдеріміздің бір-бірінің сыртқы сауда айналымындағы үлесі шамалы және біз бұл жағдайды өзгертуіміз керек.

Қазақстан-Сауд Арабиясы Үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы барысында (Қазақстан тарапынан тең төраға ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Сауд тарапынан - САК Инвестициялар министрі Халид Абдулазиз әл-Фалих) өзара сауданы кеңейтудің елеулі әлеуеті атап өтілді.

Барлық жаңалықтар