00:00
Астана -10oC
USD:
472.57
EUR:
508.34
RUB:
5.4
Поиск

Барынша белсенді, бастамашыл Парламентті көреміз деп үміттенемін – Еркін Тұқымов

31.03.2023 | 22:29
Айман Нығмет
18

Бір мандатты депутаттар Мәжіліс сайлауында шиеленісті арттырып, қыздыра түседі. Бұл пікірді ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының директоры Еркін Тұқымов білдірді, деп хабарлады Elorda.info «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап. 

Бір мандатты депутаттар сайлауда шиеленісті арттырып, қыздыра түсері сөзсіз. Жаңа Парламент шын мәнінде биліктің өкілдік органына айналады деп сенемін. Оның алаңында бүкіл қоғам үшін маңызы бар мәселелер көтерілетін болады, - деді Еркім Тұқымов. 

Сонымен қатар ол сайлау қорытындысында мүлдем жаңа Парламент көретіндігіне үміт артатынын баса айтты. 

Сайлау нәтижесінде мүлдем басқа, барынша белсенді, бастамашыл Парламентті көреміз деп үміттенемін. Парламентте қызу пікірталас пен пікірсайыс жүруі тиіс. Черчилль де «Көшеге қарағанда Парламентте төбелес пен күрестің болғаны жақсы» деп тегін айтпаса керек. Мұндай Парламент биліктің басты тармағы ретіндегі оның рөлі мен маңызын арттыру үшін жағдай жасайды, - деді институт басшысы.

Все новости