V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрінің орынбасары Шыңғыс Есенгүл уулумен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.
Ермек Маржықпаев қырғызстандық әріптесіне ынтымақтастық үшін алғыс білдіріп, биылғы спорттық жарысқа әлемнің 89 елі қатысуға өтініш білдіргенін атап өтті.
«Ойындарға дайындық аясында «Қырғыз Республикасының балалар олимпиадалық ауылы» қоғамдық бірлестігі, құқық иесімен «Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» логотипі мен брендін өтеусіз пайдалануға лицензиялық келісім жасалды. V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Хатшылығының Бішкек кеңсесінің ұсыныстарына сәйкес, біз ойындарды өткізу дәстүрін сақтауға бағытталған бірқатар міндетті талапты ескердік. Соның ішінде ДКО-ның логотипінде көшпенділердің қасиетті символы ретінде су элементін сақтап қалдық», - деді ҚР Туризм және спорт министрі.
Ермек Маржықпаев ойындардың ашылу салтанатында спортшылар шеруін Қырғыз Республикасының өкілдері бастайтынын жеткізді. Сондай-ақ атақты қырғыз композиторы Эмиль Кенжекулов жазған әнұран орындалады.
Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары спорттың 21 түрінен өтіп, 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Көшпенділер ойындарының бағдарламасы спорт, мәдениет және ғылым бағытындағы оқиғаларды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енеді және 8-13 қыркүйек күндері Астанада өтеді. Елордаға 2 мыңнан астам спортшылар мен ресми тұлғалар, 100 мыңнан астам туристер келеді деп күтілуде. Ойындарды дайындау мен өткізуге 1 мың ерікті жұмылдырылады деп жоспарлануда.
![](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды](/img/articles/b393493487f9808ca5770086f08a02d0.jpeg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)