00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды

01.07.2024 | 09:35
Олжас Сүлейменов
147
Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды
Фото: дереккөз

Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық «классиктер» үздік атанды, деп хабарлады Elorda.info

23 жасқа дейінгі балуандар бәсекесінде спортшыларымыз үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль иеленді. 

Ербол Камалиев (55 келі), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келі) және Мерей Мәулітханов (72 келі) өз салмақтарында топ жарды. 

Диас Әскебай, Расул Жүніс, Әлмир Төлебаев пен Мақсат Сайлау жарысты күміспен аяқтады. 

Ал Бақдәулет Азамат пен Асылбек Жәнібекұлының еншісінде қола жүлде бар. 

Все новости