00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр

03.07.2024 | 16:03
Олжас Сүлейменов
96
Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр
Фото: ашық дереккөз

Жаңа маусымнан бастап Қазақстан атынан жарыстарға қатысуға мүмкіндік алған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина еліміздің әнұранын жаттауға кіріскен, деп хабарлады Elorda.info.

17 жастағы Софья төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын санаулы спортшылар қатарынан. Қазақстан азаматтығын алған спортшы алдағы маусымнан бастап әлемдік жарыстарда бақ сынайды. 

«Әнұранның сөзін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеп кететініме күмәнданам, бірақ барымды салып тырысамын», - деді Самоделкина РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Ресейдің және әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері.

Все новости