Әсем Орынбай нысана көздеуден әлем кубогінде топ жарды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/e2ef23fb_5ef4_4aff_9afd_6f1225de9b6c_0f661e9d91.jpg)
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан нысана көздеуден әлем кубогінде отандасымыз Әсем Орынбай алтыннан алқа тақты, деп хабарлады Elorda.info.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама спортшысы стенд атудың скит бағдарламасының финалында 51 ұпай жинап, тұғырдың ең биік сатысына көтерілген. Күміс жүлдені 50 ұпай алған италиялық мерген Кьяра Ди Марциантонио иеленсе, қола медаль Дания Джо Вицциге (АҚШ) бұйырды. Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы бағдарламада бақ сынаған 3 дүркін Олимпиада чемпионы Кимберли Роуд (АҚШ) жүлдеге бір табан жетпей тоқтады.
Әсем Орынбайды әлем кубогі жарысындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл Әсем үшін өте табысты маусым болды. Мәселен, ол Қытайдағы Азия ойындарында екі алтын, бір қола медаль жеңіп алса, міне арада көп уақыт өтпей әлем кубогінде қарсылас шақ келтірмеді. Бұл – тамаша көрсеткіш. Отандасымыз алдағы байрақты бәсекелерде де жанкүйерлерін қуантып, үздіктер қатарынан көрінетініне сенімдімін. Нысана көздеудегі бұл жеңіс осы спорт түрімен айналысатын жастарды биік белестерді бағындыруға ынталандырады, - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
Айта кетейік, Халықаралық нысана көздеу федерациясы (ISSF) мұндай финалды араға 4 жыл салып ұйымдастырып отыр. Бәсекеде 42 елден келген 179 үздік мерген бақ сынап жатыр. Қазақ мергені қазір ISSF рейтингінде 7-орында тұр.
![](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![](/img/articles/b393493487f9808ca5770086f08a02d0.jpeg)
![](/img/articles/5ef165dac8c2f2b1184312a02580f4d0.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды](/img/articles/b393493487f9808ca5770086f08a02d0.jpeg)
![Экстрабилити: Боулингті көзді жұмып ойнаудан сайыс өтті](/img/articles/5ef165dac8c2f2b1184312a02580f4d0.jpeg)
![«Жасай бер, жайна, Астанам»: бұқаралық велошеруге 700-ге жуық әуесқой спортшы қатысты](/img/articles/c90599c6929d2d68cf915521508c84a5.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Олимпиадаға дейін жеңіл атлетикадан лицензиаттар анықталады — Серік Жарасбаев](/img/articles/ba2e9d9ae70722e8d8d1cc12ecb30986.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Астанада әмбебап жекпе-жектен республикалық жарыc басталды](/img/articles/8a154268cfd35f08cf8eb610dac0c892.jpg)
![Парапауэрлифтингтен Астана кубогі сарапқа салынып жатыр](/img/articles/0111a605dc5c5fd22aabaa92a2dff1b9.jpg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)
![Астанада «Азия балалары» ойынына іріктеу жарысы басталды](/img/articles/8c0dd89aaa3f7ea470714afe7dc7c857.jpg)