Экстрабилити: Боулингті көзді жұмып ойнаудан сайыс өтті
![Экстрабилити: Боулингті көзді жұмып ойнаудан сайыс өтті](/img/articles/5ef165dac8c2f2b1184312a02580f4d0.jpeg)
Астана қаласының Мүгедек жастар қоғамы ұйымы боулингті көзді жауып ойнаудан «Жаз-2024» турнирін ұйымдастырды, деп хабарлады Elorda.info.
Елімізде 700 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан бар. Оның 109,5 мыңы кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Статистикаға жүгінсек, әр жыл сайын 15 мыңға жуық бала мүгедек статусын алады екен. Бұл ойландырарлық көрсеткіш.
Осы орайда Астана қаласының Мүгедек жастар қоғамы ұйымы «Думан» қонақ үйінде боулингті көзді жауып ойнаудан ҚР Сенат және Мәжіліс палатасының депутаттары, Ұлттық экономика, Еңбек және әлеуметтік қорғау және т.б министрлік өкілдері арасында 5 команданың жасақталуымен сайыс өтті.
Боулингті көзді жауып ойнағанда, қарапайым адам үшін қиын болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе, сіз оған бейімделіп, көрсеткішіңіз жақсарады. Міне кез-келген жан өзіне ыңғайсыз дүниеге бейімделсе, мүгедек жандар өмір бойы осылай жүреді. Біздің мақсатымыз — ел тағдырын шешуге атсалысатын ҚР Сенат және Мәжіліс палатасының депутаттары, Министрлік өкілдерін басын қосып, жақын танысу. Бейресми шара тығыз араласуға, қарым-қатынас құруға жақсы мүмкіндік.
Үкімет деңгейінде елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін білім алу, спортпен айналысу т.б жағдайлар жасалған. Бірақ уақыт өзгерісті талап етеді. Мүгедектердің мәселесін тек мүгедектер ғана жақсы түсінеді. Олардың жағдайын жасау үшін біз секілді ұйымдар өздерін танытып, оң шешім шығаруға атсалысуы тиіс,— деді Астана қаласының Мүгедек жастар қоғамы ұйымының өкілі Назгүл Шохаева.
Бұл іс-шара үшінші рет өткізілді. Бұған дейін 2023 жылы қазан айында мемлекеттік орган қызметкерлері жиналса, 2024 жылдың наурыз айында қаланың кәсіпкерлері осы турнирде сынға түсті.
Бәсекенің басында қатысушылардың жылдамдығы мен қарқыны қатты болғанымен, нысанадан мүлт кетіп жатты. Тек 10-15 минуттан соң ғана, олар ойынға бейімделді.
Көзді жұму арқылы жаңа қабілеттер мен мүмкіндіктер ашылады дегенді бұрыннан естігенмін. Расында да кез келген жағдайға бейімделу уақытты қажет еткенімен, бұл да адамға керек дағдының бірі екен, — деп, Арман атты қатысушы өз әсерімен бөлісті.
«Мүгедек жастар қоғамы» ұйымы алдағы уақытта тек боулингпен ғана шектелмей, 19 қыркүйек күні Астанада бірінші рет желкенді спорттан да шара өткізу идеясы бар екенін айтты.
![](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды](/img/articles/b393493487f9808ca5770086f08a02d0.jpeg)
![Экстрабилити: Боулингті көзді жұмып ойнаудан сайыс өтті](/img/articles/5ef165dac8c2f2b1184312a02580f4d0.jpeg)
![«Жасай бер, жайна, Астанам»: бұқаралық велошеруге 700-ге жуық әуесқой спортшы қатысты](/img/articles/c90599c6929d2d68cf915521508c84a5.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)