Елордада қысқы спорт маусымы шаңғы тебумен басталды
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/sha_y_gl_b8d0c2c1eb.jpeg)
Бүгін Астанадағы шаңғыроллер тас жолында қысқы спорт маусымы салтанатты түрде жалауын көтеріп, шаңғы жарысымен ашылды, деп хабарлады Elorda.info, елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
Шаңғы жарысы бірнеше жас ерекшеліктері бойынша 500 метр және 5 км қашықтықта өтті.
Фестивальдің ашылу салтанатында сөз алған Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Корбозов жиналғандарды шаңғы мерекесімен құттықтады.
Астанада шаңғы спорты кең өріс алған. Осындай жарыстарды ұйымдастыру дәстүрге айналып жыл сайын қолдау көрсетіліп келеді. Бұл халықтың қысқы спорт түрлеріне деген қызығушылығының артуына ықпал етеді. Сондықтан бүгінгідей бұқаралық сипат алып отырған шаңғы мерекесінің маңызы зор. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен және қысқы спорт маусымының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын"- деді Е. Корбозов.
Айтулы шараға 500-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары жиналды. Мерекелік шарада еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін шаңғы тепсе, енді бірі гір тасын көтеруге, қол күресіне, арқан тартыс және белбеу күресіне қатысып өз бақтарын сынады.
Сондай-ақ, мерекелік шара аясында көрермендер мен қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылды.
Әр жас тобының жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
![](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды](/img/articles/b393493487f9808ca5770086f08a02d0.jpeg)
![Экстрабилити: Боулингті көзді жұмып ойнаудан сайыс өтті](/img/articles/5ef165dac8c2f2b1184312a02580f4d0.jpeg)
![«Жасай бер, жайна, Астанам»: бұқаралық велошеруге 700-ге жуық әуесқой спортшы қатысты](/img/articles/c90599c6929d2d68cf915521508c84a5.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)