Елордада әскерилер арасында шаңғы жарысы өтті
![](/img/articles/uploads/63eeed4e527e6005069658_1093918313.jpg)
Орталық саябақта XIII Спартакиада аясында Қорғаныс министрлігі мен Қарулы күштер Бас штабы құрылымдық бөлімшелері арасында шаңғы спортынан чемпионат өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың ашылу салтанатына Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Спорт комитеті – Орталық спорт клубының өкілдері, Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері қатысты.
Спортшыларды құттықтаған Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтіп, оларға жарқын жеңістер тіледі.
Чемпионатты ашқан Қорғаныс министрлігінің аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы:
Ұлт денсаулығы – кез келген мемлекеттің табыстылығының кепілі. XIII спартакиаданы өткізу – бұл біздің салауатты өмір салтын нығайтуға және ел дамуына қосқан үлесіміз. Сіздерге спорттық жетістіктер мен күш- жігер тілеймін, – деді.
Жаппай эстафеталық жарысқа қатысуға 39 команда өтінім берді. Олардың әрқайсысы үш ер адам мен әйелден тұрды. Сонымен бірге ер адамдар екі жарым шақырым, әйелдер бір шақырымда бақ сынады.
Жарыс екі топ бойынша өтті. Бірінші топта чемпионат кубогын Жауынгерлік дайындық департаментінің командасы, екінші топта 32039 әскери бөлімі жеңіп алды.
Екі топтағы әйелдер арасындағы жеке жарыстағы алтынды ефрейтор Татьяна Маслова (Ұлттық қорғанысты басқару орталығы) мен сержант Евгения Әбдікәрімова (32039 әскери бөлімі), ерлер арасында – полковник Сергей Прохоров (Әскери өкілдіктер орталығы) пен 3-сыныпты сержант Андрей Селиванов (32039 әскери бөлімі) жеңіп алды.
Бірінші топтағы әйелдер арасында «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясына сержант Әйгерім Тупенова (Кадрлар департаменті), екінші топта қатардағы жауынгер Аружан Әшім (Әскери инфрақұрылым бас басқармасы) ие болды.
Ерлер арасында бұл номинациядағы марапат полковник Асхат Бұйратаевқа (Әкімшілік департаменті) және қатардағы жауынгер Иван Приезжевке (Әскери полиция бас басқармасы) берілді.
Жарысқа белсенді қатысқаны үшін Ұлттық қорғаныс университетінің Тәжікстан магистранттарынан құралған халықаралық командасы да марапатталды.
Командалық және жеке есепте чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кубоктармен, медальдармен және грамоталармен марапатталды.
Ауа райының қолайсыздығын ескерген Тыл бастығының басқармасы жарысқа қатысушыларға арнайы шатырлар тігіп, сарбаз ботқасы мен ыстық шай ұйымдастырды.
![](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды](/img/articles/b393493487f9808ca5770086f08a02d0.jpeg)
![Экстрабилити: Боулингті көзді жұмып ойнаудан сайыс өтті](/img/articles/5ef165dac8c2f2b1184312a02580f4d0.jpeg)
![«Жасай бер, жайна, Астанам»: бұқаралық велошеруге 700-ге жуық әуесқой спортшы қатысты](/img/articles/c90599c6929d2d68cf915521508c84a5.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)