Елордада тоғызқұмалақтан Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған жарыс өтті
![](/img/articles/uploads/6321b18877f3b028346385_9d3e89c9ae.jpg)
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы және Ақселеу Сейдімбек атындағы №54 мектеп-лицейінің ұйымдастыруымен жазушы, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор Ақселеу Сейдімбектің 80 жылдығына арналған «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» атты тоғызқұмалақтан қалалық сайыс өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Сайысқа жалпы білім беру ұйымдарынан 12 (№46 ОМ, №54 МЛ, №19 ОМ, №48 МЛ, №90 МГ, №93 МГ, Бином «Тұран», №78 МГ, №67 МГ, №74 МГ) қала мектептері қатысты.
Сайыс 12-13 жас (ұлдар, қыздар) және 14-15 жас (ұлдар, қыздар) аралығындағы оқушылар арасында өтті.
Тартысты кездесуде 12-13 жас аралығындағы қыздар арасынан 1-орын Азия Тілеумұрат (№54 мектеп-лицей), 2-орын Мәдина Мырзағазы (№90 мектеп-гимназия), 3-орынды Нұржайна Қуанышқызы (№67 мектеп-гимназия) иеленді. Осы жас ерекшелігі бойынша ұлдар арасында Аян Қуаныш (Бином «Тұран») бірінші орынды, Диас Боранбай (№ 90 мектеп-гимназия) екінші орынды, Диас Ануарбек (№86 мектеп-гимназия) үшінші орынды жеңіп алды.
Ал 14-15 жас аралығындағы қыз балалар арасында бірінші орынды Мәдина Сабыржан (№80 мектеп-гимназия), екінші орынды Әлия Ахназар (№86 мектеп-гиназия), үшінші орынды Бибінұр Қайырбек (№78 мектеп-гимназия) иеленсе, ұлдар арасында Ерасыл Құдайберген (№86 мектеп-гиназия) 1-орын, Наурызбай Құрбан (№54 мектеп-лицей) 2-орын, Жарас Дүйсен (№80 мектеп-гимназия) 3-орын жеңіп, жеңімпаз атанды.
Сайысқа «Өркен» балалар мен жасөспірімдер дене тәрбиесі орталығының тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі ойыншы Гүлнар Базарбаева және тоғызқұмалақ ойынының жанашыры Айсұлу Кәрібайқызы төрешілік етті.
![](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр](/img/articles/26493dae2f429bd9a19243d3fbdb4482.jpg)
![Рапирамен семсерлесуден ел чемпионатының үздіктері анықталды](/img/articles/721dacb31dadede682d8f0a867417f6b.jpg)
![Елена Рыбакина «Уимблдон» турнирін жеңіспен бастады](/img/articles/fd51f38f777a311177b865a9acd07d3c.jpg)
![Қазақстандық 2 спортшы жүзуден Олимпиадаға қатысатын болды](/img/articles/2fb545bb6a9e49ff27cdc1a78fe61f47.jpg)
![Елордалық гимнасшы «Азия балалары» ойындарының үш дүркін жеңімпазы атанды](/img/articles/72f49c43e9333c7a51aa6c18781b93ed.jpeg)
![Астаналық спортшы «Азия балалары» ойындарында қола жүлдегер атанды](/img/articles/01bd2749fac4c20e81439faba6e1b966.jpeg)
![Семсерлесуден жастар арасындағы ел чемпиондары анықталды](/img/articles/d47edaa2849e71ec5d660401055816c9.jpeg)
![V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында шеруді қырғыз спортшылары бастайды](/img/articles/30efaf6ea8c8dc3b36d6927b0a08f56a.jpg)
![Ташкентте қазақстандық үш жеңіл атлет чемпион атанды](/img/articles/ad75ba58e034c28ee456a8f253335ef0.jpg)
![Күрестен Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында үздік атанды](/img/articles/b393493487f9808ca5770086f08a02d0.jpeg)
![TOP-5: Қазақстандағы ең танымал ұлттық спорт түрлері](/img/articles/uploads/62c53f7f5ddf0018679240_5d0de3bc0a_d747f73f40.jpg)
![Елордада шайбалы хоккейден кезекті турнир басталды](/img/articles/0747d036839e8ae2cc90cea2aaf51be9.jpg)
![Run for autism: Астанада ерекше балалардың ата-анасы экоакцияға қатысты](/img/articles/72dbfebf76f0c3ce000eac9518497780.jpg)
![«Фабрика футбола CUP»: Республикалық турнирдің жеңімпаздары анықталды](/img/articles/34444e669abbb474e6324074cab7359f.jpg)
![Теннисші Заңғар Нұрланұлы Хорватияда жоғары нәтиже көрсетті](/img/articles/uploads/zangar_nurlanuly_hor_1710737715_c7b870b0bc.jpg)
![Азия ойындары: Астаналық спортшылар 7 медаль жеңіп алды](/img/articles/uploads/a3e9f3d5_ccba_4c7f_ba0f_eb4af48858c1_2383a5cc41.jpg)
![Сәбина Алтынбекова әлемдегі ең бай волейболшы қыздар тізіміне енді](/img/articles/uploads/zhvi_8eec00da34.jpeg)
![Футболдан ҰҚК Астана қаласы департаментінің кубогы өтіп жатыр](/img/articles/07b12baac5ff200694bc1f99d817dc49.jpeg)
![Абат Айымбетов түркиялық клубта ойнайтын болды](/img/articles/uploads/5e43b60c_d974_4311_a646_9339db1580aa_d31091908e.jpg)
![Елордалық спортшы пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанды](/img/articles/uploads/IMG_1424_f312409195.jpeg)