Жаңа Қазақстанды енжарлықпен құра алмаймыз – астаналық зейнеткер
![](/img/articles/uploads/6416be337d76d485619701_f561697cc6.jpg)
Астана қаласының тұрғыны №147 сайлау учаскесінде дауыс берген зейнеткер Ибрагим Зұлқаров халықтың сайлауға әлі де енжарлықпен қарайтынын айтып, қынжылыс білдірді, деп жазады Elorda.info.
- Ибрагим аға, Сіз сайлаудың әділ өтетініне сенесіз бе?
Иә, сенемін. Бізде «қалталы Парламент» болмайды деп ойлаймын. Билік пен бұқара бір-бірін түсінетін, тыңдайтын кезеңге өттік. Саясатта да әділдік болады деп үміттенемін. Жалпы алғанда, елімізде өзгеріс, жаңару, түлеу болатынына сенетін адамдардың бірімін.
- Халықтың сайлау мәдениетіне көңіліңіз тола ма?
Шынымды айтайын, халықтың көпшілігі әлі де енжарлықпен, сенімсіздікпен қарайды. Таңертең дауыс беруге шыққанымда көршілеріммен ұшырастым. «Дауыс бермейсіңдер ме?» десем: «Ой, біздің дауысымыз ештеңе шешпейді. Бәрібір биліктегілер өз адамын сайлайды» дейді көбісі енжарлықпен. Жаңа Қазақстанды енжарлықпен құра алмаймыз! Ел болашағы үшін таңдау жасау – әр азаматтың борышы! Мен өз борышымды атқаруға келдім.
- Сіз тұратын ауданда көптен бері шешілмей келе жатқан қандай өзекті мәселелер бар? Сайлауға түсіп жатқан үміткерлер сол мәселені шешетініне сенесіз бе?
Шешілмей келе жатқан мәселелер көп. Соның ішінде әлеуметтік мәселелерді айтар едім. Мысалы, көпқабатты үйде балаларымның қолында тұрамын. Соңғы кездері ПИК дегенді жауып, МИБ дегенді аштық. Жұрт оның қалай жұмыс істейтінін, тұрғындар өздері тұратын үйді басқаруға қалай қатысатынын толық түсіне алмай жүр. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлер де осыны егжей-тегжейлі түсіндіріп, халықтың сөзін, тілегін, мұңын тыңдаған жоқ. Тіпті, тұрғындардың дені осы ауданнан мәслихатқа, Мәжіліске кімдер сайлауға түсіп жатқанына да назар аудармады. Өйткені, сайланған адамдар депутаттыққа өтіп алғанша ғана халықпен кездеседі, үгіт-насихат қағаздарын таратады. Ал сайлау өткен соң олардың аты-жөнін, түр-келбетін ұмытатынымыз шындық. Билік пен бұқараның арасында шынайы қарым-қатынас орнамай, қоғам да, ел де дамымайды.
- Жасыңыз нешеде?
73-темін.
- Зейнетақыңызға көңіліңіз тола ма?
Аллаға шүкір. Көп жылдар өндірісте жұмыс істедім. Бұйырған зейетақымды аламын. Әрине, мына қымбатшылық заманда көңіліміз толады дей алмаймын. Үкімет пен Парламент, жергілікті мәслихаттар, ең алдымен, халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударып, жалақы мен зейнетақы сәл өскен кезде бағалардың шарықтап кетпеуіне нақты іс-қимылдар жасаса екен. Сонда халықтың билікке, саяси партияларға, сайланған депутаттарға деген сенімі де артады. Қоғамда әділеттілік орнайды. Бәріміздің қалауымыз – осы.
- Әңгімеңізге рақмет, аға!
Төлен ТІЛЕУБАЙ
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)