Байқоңыр ауданындағы тұрғын алаптарда сайлаушылар белсенділігі жоғары
![](/img/articles/uploads/6416a6600b000086026262_f32729dbb8.jpg)
Елордадағы 16 тұрғын алаптың үшеуі Байқоңыр ауданында орналасқан. Соның бірі "Казгородок" алабындағы №55 мектепте ашылған №95 сайлау учаскесінде де сайлау науқанын белсенді өткізуге барлық жағдай жасалған. Азаматтардың бюллетень толтыруы үшін 5 кабина қойылған болса, оның біреуі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, деп хабарлады Elorda.info.
Тізімде 2 071 сайлаушымыз бар. Таңнан бері көптеген сайлаушы келді. Ең бірінші келген әйел адамға сыйлығын бердік. Комиссия құрамында 11 адам бар, 14 байқаушы дауыс беру барысын қадағалап отыр. 18 жастағылар, қариялар, туған күн иелері және мүгедектерге электронды техникалардан құралған сыйлықтар беріп жатырмыз. Сонымен қатар бірқатар сайлаушының денсаулығына байланысты үйлеріне барамыз, сондықтан олар да сайлауға қатысудан тыс қалмайды. Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін, бұған дейін де сайлау комиссияларында жұмыс істеген тәжірибем бар. Әдетте түске дейін сайлаушылар аз келеді, көбі түскі шай-тамағын ішіп болып келе бастайды, – дейді сайлау комиссиясының төрағасы Дидар Әлімқызы.
Осы сәт сайлауға келген мүмкіндігі шектеулі алап тұрғынына ол смарт сағат сыйлады.
Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелмеген азаматтарды сайлау комиссиясы мектеп жанындағы Халыққа қызмет ету орталығына жібереді. Сонда оларды 15 минутта тек бір күнге аталған мектепке тіркейді де, сайлаушы дауыс беруге мүмкіндік алады. Аталған учаскеде 63-87 жас аралығында 187 егде және 18 жастағы 7 адам бар.
Осы аудандағы "Кирпичный" тұрғын алабында орналасқан "Шипагер" медициналық колледжінде №96 сайлау учаскесі бар. Сайлау учаскесінің төрағасы Оразалы Шаханов мұнда 2 419 сайлаушы тіркелгенін айтты.
Райхан РАХМЕТОВА
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Ерлан Дәкенов: Еңбегің сіңсе, халық та сені бағалайды екен](/img/articles/uploads/err_d1716f575f.jpeg)
![«Ауыл» партиясының атынан Мәжіліске кімдер депутат болады](/img/articles/uploads/64226be76b085082479846_79eb06d716.webp)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)
![Сайлауды 793 шетелдік байқаушы бақылады](/img/articles/uploads/64215e3fb3c94792609333_538f1d2db5.jpg)
![ОСК бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты атанған 29 кандидаттың тізімін жариялады](/img/articles/uploads/64214dc2f020f365401138_3b1c02b3db.jpeg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Астана қаласының мәслихат депутаттары сайланды](/img/articles/uploads/641d9871e4565907528350_afe83809a1.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Қарақат Әбден президенттікке үміткер талаптарына сай келеді – ОСК](/img/articles/uploads/6353c010a51ff589646142_5677fc3580.jpg)
![Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталды](/img/articles/uploads/63529f8a72b15560760737_f3b2e266e8.jpg)
![Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын президенттік сайлауға белсене қатысуға шақырды (ВИДЕО)](/img/articles/uploads/636e5a685110c871835175_d884febaef.jpg)
![Сайлау ойдағыдай өтіп жатыр – байқаушы](/img/articles/uploads/6379bc2b3171f969878171_e4c64aee42.jpg)
![Мәжіліс сайлауында қанша азамат дауыс береді](/img/articles/uploads/63ce66a081137528572547_c7dfb27811.jpg)
![Сайлау-2023: Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті](/img/articles/uploads/64193bcb44df8776943515_823bae9c96.jpg)
![Бұл жолғы сайлау барысында ескертулер аз болды – сарапшы](/img/articles/uploads/64210a59cf5e1022828252_77e85ebe6d.jpg)
![Аудан және қала әкімдерін сайлау күні белгілі болды](/img/articles/uploads/akim_sajlau_39839c31bb.webp)
![Тұрақты даму мақсаттарының бірі – сапалы білім](/img/articles/uploads/Zholdau_f30ced1476.jpg)
![Бір мандатты 104 кандидатқа сайлау жарнасы қайтарылады](/img/articles/uploads/64216ad7be604205940725_1fc32b9a18.webp)