00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Халықаралық байқаушылар сайлау процесінің өтуі жайлы пікір білдірді

01.04.2023 | 00:31
Елорда ақпарат
32

Еліміздегі Мәжіліс және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлау процесі жайлы халықаралық байқаушылар пікірлерін білдірді, деп хабарлады Elorda.info

Таңғы сағат 7:00-де барлығы орындарынан тұрып, әнұран орындалды. Барлығы құрмет білдіруде. Сайлау учаскелерінде науқанның әнұранмен басталғаны маңызды деп ойлаймын. Сайлау учаскелері ашылғаннан бастап адамдар дауыс бере бастады. Бір айта кетерлігі, сайлау учаскелеріне дауыс беруге жастар алғашқылардың бірі болып ерте келді. Жастардың белсенділігі қуантады, – деді Бас хатшы – ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесі хатшылығының басшысы Дмиртий Кобицкий.  

Халықаралық байқаушылар таңнан бері сайлау учаскелерінде жүр.  

Сайлау учаскелері ашылған уақытта қатыстық. Ұйымдастыру процесі жоғары деңгейде екенін байқадық. Сайлау науқаны сондай қызу өтіп жатыр. Барлығы да заң талаптарына сай қатаң түрде жүргізілуде. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді, – деді Армения Республикасы Ұлттық Жиналысының Өңірлік мәселелер және еуразиялық интеграция мәселелері жөніндегі Тұрақты комиссиясы Вагаршак Акобян.

Все новости