00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өз таңдауын жасады

01.04.2023 | 00:31
Елорда ақпарат
18

Сайлаушылар елордадағы “Jusan Bank“-те орналасқан №130 сайлау учас­ке­сіне өздерінің азаматтық парызын өтеуге тым ерте жиналды десе де болған­дай. Сайлау учаскесі ашылмай тұрып-ақ мұнда жиналған адам қарасы көп көрінді, деп хабарлады Elorda.info.

Мұнда 1 941 сайлаушы тіркелген. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері ерте қамданған сайлаушыларға жағдай жасады. Сайлау учаскесі ашылысымен қарттар, жастар, осы учаскеге тіркелген азаматтар бюллетеньдерін алып, азаматтық парыздарын өтеді.

№130 сайлау учаскесінің төрайымы Айжан Жұмабаева алғашқылардың қатарында дауыс берген сайлаушыларға өзіндік сый-сия­патын жасады. Қазіргі заманға қажет компьютер, ноутбукке арналған сымсыз құралын сыйлады. Сайлаушылар мұн­дай ықыласқа көңілдері көтеріліп, мәз-мейрам болды. Олардың қай-қайсысының да айтары елдегі тыныштық пен бірлік, бақуатты тұрмыс жайы, Жаңа Қазақстан құруға деген мақсатқа ризашылық дер едік. Бұл сайлау учаскесінде 1 941 сайлаушы дауыс беруі тиіс екен.

Учаскеде сайлаушылар тізімі көрнекі жерге ілінген. Учаскелік сайлау комиссиясының мүше­лері келген сайлаушыларды тізімнен тез тауып берді. 

Алғашқылардың қатарында дауыс бергендердің бірі – танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова.

Гүлшат САПАРОВА

Все новости