00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгеше – Кәрімбек Құрманәлиев

Президент жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Кәрімбек Құрманәлиев елордадағы №35 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлады Elorda.info

Бүгін – Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлайтын күн. Яғни, ел ертеңі үшін тағдыршешті маңызды саяси науқан. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған конституциялық реформаларды қолдап, өткен жылы бүкілхалықтық референдумда «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы саяси бағыттарын жақтап дауыс берген болатынбыз. 

Биылғы саяси науқан – Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау жүйесі өзгерістерге толы.

Сайлаушылардың белсенділігін арттырып, баянды болашаққа деген сенімін күшейту керектігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында көтеріп, сайлауда аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынып, «Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлай алады. Жаңа үлгі көзқарасы әртүрлі азаматтардың Мәжіліске келуіне мүмкіндік береді» деген болатын, - деді ол. 

Академик өз сөзінде, бұл сайлаудың артықшылықтарын айтып өтті. 

«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» дегендей, биылғы сайлаудың жөні бөлек болып тұр. Біріншіден, бұл тек қана партиялық тізіммен ғана емес, мажоритарлық жүйемен жүзеге асқалы жатыр. Яғни, бір мандаттық округтан өзіңді-өзің ұсыну арқылы депутат бола алатын мүмкіндік туындап отыр. Осы ретте халық пен биліктің арасында алтын көпір болып жүрген, елдің мұң-мұқтажын, өкпе-ренішін, назын боямасыз түрде Үкіметке жеткізе алатын тұғырлы тұлғалар депутат бола алатыны көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Бұл жаңашылдықты демократиялық өзгерістеріміздің, жаңа Қазақстанның, Әділетті Қазақстанның жарқын жолының бастауы деп бағамдауға болады.   

Жаңа заңнамаларға сәйкес депутат болып сайланғанның өзінде халықтың сөзін айтпай, елдік сөз сөйлемей, ірі істерге ой-пікіріңізбен араласа алмасаңыз, жылы орныңыздан айырылып қалуыңыз әбден мүмкін. Өйткені кандидатты таңдаған сайлаушылар үміткерінің істеп жатқан жұмысына қанағаттанбаса, сайланған адамды кері қайтарып алу мүмкіншілігі бар. Яғни, ұлтқа шын мәнінде қызмет ететін, жауапкершіліктің жоғары деңгейін көрсететін тұғырлы тұлғалар ғана депутаттық мандаттқа ие болмақ, - деді ол.

Все новости