00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

19 наурызда «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтеді

01.04.2023 | 00:22
Елорда ақпарат
4

19 наурызда Астанада «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен 16 сағаттық «Сайлау-2023» онлайн марафоны өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Политейнмент және инфотейнмент форматындағы іс-шара таңғы 09:00-де басталып, түнгі 01:00-ге дейін жалғасады.

Онлайн марафонға БАҚ өкілдері, депутаттар, саясаттанушылар, министрлер, түрлі сала қызметкерлері, қоғам белсенділері мен өнер жұлдыздары қатысады.

Іс-шара барысында түрлі тақырыптарда дискуссиялар ұйымдастырылып, жедел брифингтер, дауыс беру барысы туралы аймақтардан және шетелдерден тікелей қосылымдар жасалады.

Сондай-ақ «Сайлау-2023» онлайн марафоны республикалық және аймақтық телеарналардың, басылымдар мен ақпараттық агенттіктерінің сайтында, Facebook және YouTube желісіндегі ресми парақшаларда 16 сағат бойы үзіліссіз тікелей трансляцияланады.

Айта кетейік, марафон ақпараттары https://t.me/onlinemarathon2023 Телеграм каналында жарияланады.

Все новости