00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Мәжіліс депутаттығына үміткер Ерлан Дәкеновтің сайлауалды бағдарламасы

01.04.2023 | 00:15
Елорда ақпарат
16

№2 сайлау округі

Құрметті сайлаушы! Менің тал бесіктен көрген тәрбием – үлкенді сыйлау, кішіге құрмет көрсету, ешкімнің ала жібін аттамай адал болу. Бұл біздің дана халқымыздың бойында бар қасиет. Мен бүгінгідей күрделі кезеңде тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді тиімді жолмен шешуді көздеймін. Төменде мен «Елге қызмет – Ерге міндет» сайлауалды бағдарламамды ұсынамын.

Әлеуметтік мәселені шешу – басты бағыт

Жас ұрпақ қолайлы жағдайда білім алып, аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы елодаға сай жоғары болуы шарт. Осыған сай менің ұсыныстарым:

Есіл мен Сарыарқа аудандарында мектептер салу қарқынын арттыру, мектептерді заманауи стандартқа сай жасақтау қажет.

Балаларға арналған мәдени және спорт нысандарының, аула клубтарының көбеюіне атсалысу, көркем өнерпаздар үйірмелерін көбейту маңызды.

Қалалық, қоғамдық орындарда эстетикалық мәдениетті жақсарту мақсатында аулаларды абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарын қарқынды түрде жүргізуге тиіспіз.

Қос аудан бойынша аялдама кешендері мен жолаушылар автобусы жетіспейді. Қоғамдық көліктер санын арттырып, қыстық аялдамаларды тұрғындардың санына сай көбейту керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын тиімді ету маңызды. Халықтың салығынан құрылған қор халықтың игілігі, тәні мен денінің саулығы үшін жұмыс жасауы керек.

Ұлт мәдениетін ұлықтау

Ұлт мәдениетінің мәртебесін көтеру, оның стандарттарын анықтау, дайындау және заңдастыру қажет. Мен келесі ұсыныстарды көтеріп отырмын:

Дәстүрлі музыкалық мұраны зерттеу, жүйелеу, оның біріңғай электронды форматын дайындау;

Авторлық құқықтар мәселесін реттейтін арнайы жоба ұсыну;

Авторлардың қаламақысы еңбегіне сай төленуін қадағалау;

Кәсіп түбі – нәсіп 

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуына, олардың жұмыстарын жандандыруға атсалысу өзекті. Кәсіпкерлікті қолдау арқылы біз ел экономикасының өсуіне, жұмыссыздықтың азаюына үлес қосамыз. Осы ретте мен ұсынамын:

Қала аумағындағы саябақтар ішінен ұлттық салт-дәстүрді, ұлттық музыканы насихаттайтын этноауыл формасындағы шағын кәсіпкерлік нысанын ашу жолдарын қарастыру;

Мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін халыққа кеңінен түсіндіру, жаңа кәсіпорындардың, бизнес бастамалардың құрылуына ұйытқы болу;

Құрметті астаналықтар! Мәдениеті жоғары, заңы әділ, билігі халқына қарасқан ел құру сіздің таңдауыңызға байланысты. Бұл бағдарламамды өздеріңізбен талқылауға дайынмын, ұсыныстарыңызды ескеруге әзірмін.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясынан төленген.

Все новости