00:00
Астана -10oC
USD:
476.27
EUR:
515.47
RUB:
5.41
Поиск

Сайлау: Шетелде 77 дауыс беру учаскесі ашылды

01.04.2023 | 00:08
Елорда ақпарат
22

Қазақстанның шетелдегі мекемелерінің жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылды, деп хабарлады Elorda.info ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік пен туристік мақсатпен жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорты бар ҚР азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады.

ҚР-дың шетелдегі мекемелерінде дауыс беру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 38-ші бабының 1-ші тармағына сәйкес сайлау өткізілетін күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

Шетелдегі сайлау процесін уақытылы және толықтай дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтарын жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласып, сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мәлімет берулерін сұраймыз, – делінген хабарламада.

Все новости